Астанада мектептерде ақша жинау жағдайларымен күрес жөніндегі арнайы комиссия құрылды

Астана ?аласы ?кіміні? тапсырмасымен мектеп ?ажеттіліктеріне а?ша жинау жа?дайларыны? жиілеп кетуіне байланысты елордалы? мектептерде т?сіндіру ж?не алдын алу ж?мыстарын ж?ргізу ж?ніндегі ?о?амды? комиссия ??рылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданы? сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен мектеп қажеттіліктеріне ақша жинау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты елордалық мектептерде түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі қоғамдық комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің ресми сайтындағы "Әкімге өтініш" сервисі арқылы әкімнің атына келіп түскен әрбір сауал мен өтініш бойынша тексеру жүргізіліп, актілер жасалады, білім беру ұйымының басшылығына тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады. Аталған жұмыстар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің ерекше бақылауына алынды.

Сонымен қатар, әр мектепте білім мекемесі жұмсайтын міндетті шығындар тізімі ілінеді. Сыныптарда ақша жинау фактілері, мектеп әкімшілігі немесе жекелеген оқытушылар тарапынан басқа да заңға қайшы іс-әрекеттер тіркелген жағдайда, ата-аналар 55-01-62 және 87782550162 телефондары бойынша Білім басқармасының "қауырт желісіне" хабарласа алады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама