Кеше 16:53

Астанада Момышұлы даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады

Фото:depositphotos.com

Астанада Момышұлы даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Момышұлы даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Тәуелсіздік даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты, 27-29 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

"Сондай-ақ, осы жұмыстар шеңберінде 28 шілдеде (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram