Астанада Момышұлы даңғылын су басты

Астанада коммуналды? апатты? салдарынан Момыш?лы да??ылын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада коммуналдық апаттың салдарынан Момышұлы даңғылын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайдың суреті Facebook желісіндегі "Астана - Что?Где?Когда?" тобында жарияланды.

"Көктем келді! Б.Момышұлы даңғылы Б.Момышұлы арнасына айналды", - деп жазған суреттің сипаттамасына Ерлан Сәкенов.

Реклама
Реклама

Суретке жазылған пікірлердің бірінде "109" қызметінің кеңесшісі осы аумақта су құбырының жарылғанын айтты.

"Осы аумақта су құбыры жарылды. Оқиға орнында "Астана Су арнасы" бригадасы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады "109" қызметіндегілер.

"Астана су арнасы" баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай 8 наурызда шамамен сағат 15.07-де болған.

Төтенше жағдайдың салдарынан Ертарғын, Ерқосай, Арқайым және Бозторғай көшелеріндегі жер үйлер сусыз қалған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама