26 маусым 2023 | 15:15

Астанада мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Кадры из видео

Астанада Ақмешіт-Достық көшелерінің қиылысында 21 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Ақмешіт-Достық көшелерінің қиылысында 21 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 25 маусымда болған.

"Mitsubishi Delica автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Ақмешіт-Достық көшелерінің қиылысында бағдаршамның рұқсат беру сигналына солға бұрылған кезде тікелей қарсы бағыттан келе жатқан мопед жүргізушісіне жол бермеген. Жол көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы мопед жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Астана полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырады.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Сенат депутаттары "Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес электрсамокаттарды реттеу мәселесі шешілетін болады.

Қазақстанда электрсамокат жүргізушілері қалай жазаланады, мына жерден оқыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная