Астанада мұғалімдер тапшылығы алаңдатып отыр

©Тұрар Қазанғапов

Астана қалалық білім басқармасы қалада алдағы үш жылда байқалуы мүмкін мұғалім тапшылығына алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазірдің өзінде астаналық мектептерге бастауыш сыныптардың 200-ге жуық мұғалімі, математика пәнінің 50-ден астам мұғалімі жетпей жатыр. 700 мұғалім зейнеткерлікке шығуға таяды, олар 2016 жылға дейін мектептен кетуі мүмкін. Маман тапшылығы 10%-дан жоғары болуы ықтимал. Бұл - алаңдататын жайт және оны шешудің жолдарын бүгіннен қолға алу керек. Маман тапшылығы мектеп басшылықтарын оқу процесінің үзілу қаупіне тәуелді етіп отыр. Бұл мектепті басқарудың тиімділігін бұзады", - деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан Тамыз кеңесінде.

Оның айтуынша, мәселені шешу үшін мектептерге жас мамандарды тарту міндетін шұғыл орындаған жөн. "Бұл процесс жылдам іске аспайды. Бүгінде мектеп басшыларының ойлау жүйесін өзгерту керек. Бірінші кезекте, мамандарды сырттан іздемеу керек, бар мамандарды оқытып, қайта тәрбиелеу қажет. Бұл табысқа жеткізеді", - деді Суханбердиева.

Реклама
Реклама

Шенеунік мектепке дейінгі білім беру мамандары тапшылығы туралы да айтты. "Астанада мектепке дейінгі білім мамандарын бір ғана гуманитарлық колледж дайындайды, ол жылына орта білімі бар 50-ден астам маманды тәрбиелеп шығарады. Сол себепті мен, Аслан Бәкенұлы, сізге республиканың бұл мамандық бойынша түлектеріне жұмыс орындарын квоталау мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш айтамын", - деді басқарма жетекшісі.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама