Астанада мүгедек баланы алып жүрушіге жеңілдік беретін жолақы ұсынылды

Астана ?кімдігі м?гедек баланы алып ж?рушіге де же?ілдік беретін жола?ысын ?сынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ала ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігі мүгедек баланы алып жүрушіге де жеңілдік беретін жолақысын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүрушіні де жолақысын төлеуден босатуды ұсынды.

"Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулысына сәйкес, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік-мәдени даму мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүретін адамдарға да жеңілдік жасайтын жолақы ұсыну мүмкіндігін зерттеуді ұсынды. Осыған байланысты, мүгедек баланың ата-анасының біреуіне тегін жол жүру құқығын беру қарастырылуда", - деп мәлімдеді Артем Әбілдинов. 

Реклама
Реклама

Қоғамдық кеңестің қатысушылары жобаны бірауыздан қолдап, мақұлдаған.

Еске сала кетейік, арнаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізілуіне байланысты алынып тасталған арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар да осы тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама