Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталды Фото:depositphotos.com

Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқ дәрігер бұл қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Ол алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

"Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", - деп жазылған хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама