19 наурыз 2021 15:29

Астанада Наурызда сауда орталықтары, кафе және мейрамханалар қалай жұмыс істейді?

Фото: elements.envato.com

Елордалық әкімдік өкілдері мейрамхана, кафе және сауда орталықтарының Наурыз мейрамы қарсаңындағы жұмыс режимі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық әкімдік өкілдері мейрамхана, кафе және сауда орталықтарының Наурыз мейрамы қарсаңындағы жұмыс режимі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 21-24 наурыз аралығында да елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенованың 15 наурыздағы қаулысы әрекет ететінін хабарлады.  

Осылайша, 21 наурызда (жексенбі) қалада сауда орталықтары, жабық азық-түлік емес нысандары, жабық спорт нысандары, ХҚКО, "Қазпошта" АҚ жұмыс істемейді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, жексенбіде қоғамдық көліктердің де жұмысы тоқтатылады - дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. 

Сенбі және жексенбіде фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, спорттық-сауықтыру нысандары, сауна, СПА-орталықтарының жұмыс істеуіне тыйым салынады. 

Одан бөлек, 18 наурыздан бастап қоғамдық тамақтану орындары жұмыс және демалыс күндері 07:00 мен 22:00 аралығында жұмыс істейді. 

Сонымен қатар, 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.

Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігерінің қаулысын мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram