ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2018 | 16:01
Астанада он күнде 231 ашық құдық анықталды
Астанада он күнде 231 ашық құдық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада он күнде 231 ашық құдық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, Есіл ауданында 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Астана әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық қалған құдық туралы 216 шағым келіп түскен.
"Балалар үшін қорқасың". 13 жастағы қыз өлі табылған құдық қайда?
Еске салайық, сәрсенбіде Сарыарқа ауданының аумағын аралау барысында және байқампаз қалалықтардың арқасында 7 құдықтың ашық жатқаны анықталған болатын. Бүгін олардың бәрі де қайтадан жабылды.
"Есіл ауданы әкімінің аппаратында барлық шағым қаралып, өңделді. Одан басқа, аралау барысында тағы да 15 құдықтың жабылғаны анықталды, - делінген аудан әкімдігінің хабарламаcында.
Показать комментарии
Читайте также