Астанада оқушылар үшін жолақы құны өзгермейді

Камила Долаева Журналист
Астанада оқушылар үшін жолақы құны өзгермейді © Турар Казангапов

Астанада мектеп оқушыларына жазда қоғамдық көлікте жүру ақысы көтерілмейді. Бұл туралы "Астана LRT" компаниясының төрағасы Бекмырза Игенбердинов брифинг кезінде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оқушылардың ата-анасынан көп сұрақ келіп түсті, себебі балаға арналған тариф қосылатын жеке жол-көлік картасын алу үшін мектеп орынынан анықтама көрсету керек. Жазғы маусымда анықтама алу қиындық туғызғандықтан, қала басқармасы оқушылар үшін жолақы құны бұрынғыша 40 теңгеде қалады деп шешті", - деді Бекмырза Игенбердинов.

Оның айтуынша, 10 шілдеде қалалық әкімдіктің ресми жарлығы шығарылды. Осыған сәйкес елорда қоғамдық көлігінде дифференциалды тариф белгіленді. Шешім 2018 жылдың 21 шілдесінде күшіне енеді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама