ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2022 | 11:04
Астанада полицейлер Range Rover көлігін қуған сәт видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желілерде Астанада полиция қызметкерлері Range Rover көлігінің мас жүргізушісін қуған сәтінен видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде Астанада полиция қызметкерлері Range Rover көлігінің мас жүргізушісін қуған сәтінен видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, кешкі уақытта Range Rover жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жоғары жылдамдықпен екі рет тыйым салынған бағдаршамнан өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицияның тоқтату туралы бұйрығын елемей, төтенше жағдай туғызған.
"Тәртіп бұзушы Республика даңғылында ұсталды. Медициналық сараптама жүргізуші масаң күйде көлікті басқарғанын анықтады. Сонымен қатар, мультитест тапсыру кезінде марихуана қолданғаны да расталды.
Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бес әкімшілік хаттама толтырылды. 33 жастағы жүргізуші 2020 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы "Көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйде адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамды полицейлер тұтқындап, уақытша ұстау изоляторына жеткізді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также