ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2023 | 09:20
Астанада полиция бақылауы күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатыр
Астана полициясы күшейтілген режимдегі қызметке көшіп, елорданың периметрі бойынша жеті бақылау-өткізу бекеті қойылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана полициясы күшейтілген режимдегі қызметке көшіп, елорданың периметрі бойынша жеті бақылау-өткізу бекеті қойылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, елордада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттер басшылары қатысатын ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты департаменттің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
"31 қазанда сағат 8:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка кенттері бағыты бойынша және халықаралық әуежайға кіреберісте (қала жағынан) азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін блокбекеттер қойылып жатыр", - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан өтіп жатқан шараларға түсінікпен қарау сұралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также