Астанада полиция мен Ұлттық ұлан күшейтілген режимге көшті

Астанада полиция мен Ұлттық ұлан күшейтілген режимге көшті Фото: polisia.kz

Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді. Қала көшелеріне қосымша полиция жасақтары мен Ұлттық ұлан сарбаздары шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді. Қала көшелеріне қосымша полиция жасақтары мен Ұлттық ұлан сарбаздары шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Шаралар құқық қорғау органдарының іс-қимылдарын үйлестіру аясында қабылданды. Күшейтілген патрульдеуге полиция бөліністері мен Ұлттық ұлан тартылған.

Бағыттарға шығар алдында №5573 әскери бөлімінің аумағында тартылған күштердің жалпы гарнизондық таратылымы өткізілді.

Жарнама
Жарнама

"Таратылым маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру мақсатында өткізілді", - делінген хабарламада.

Тәртіпті қамтамасыз етуге кімдер қатысады?

Патрульдеуге полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылған.

Негізгі назар қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылған.

Ықтимал оқиғаларға жедел ден қою және азаматтар көп жиналатын орындарда бақылауды күшейту, сондай-ақ халықпен сыпайы әрі әдепті қарым-қатынас жасау міндеті ерекше аталды.

Еске сала кетейік, 28-29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы және V Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама