ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2024 | 14:20
Астанада полиция такси жүргізушілерін тексереді
5-29 ақпан аралығында Астанада "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
5-29 ақпан аралығында Астанада "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын алу шарасы аясында полицейлер жол қозғалысы ережелерінің, соның ішінде таксиде жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінің сақталуын қадағалайды.
5 ақпаннан бері полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Мемлекеттік нөмірі жоқ көлік мінген 46 жүргізуші ұсталды. Тағы 380 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпеген, 500-ден астамы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамаған.
Атап айтқанда, патрульдік полиция қызметкерлері тиісті тіркеу құжаттарынсыз қосымша арқылы такси қызметін атқарған Өзбекстанның 35 жастағы азаматтын анықтаған. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также