Астанада куәгерлер полицияның трактор жүргізушісін қуған сәттін видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео
Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан трактор жүргізушісінің жаяу жүргіншілер жолымен қашуға тырысқанын көруге болады.
Полиция не дейді?
Астана Полиция департаменті мәліметінше, жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен оған 18 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған. Сонымен қатар, құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Трактор коммуналдық тұраққа қойылған.