ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2017 | 10:55
Астанада пойыздардың жаңа жол жүру кестесі пайда болды
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жаңа "Нұрлы жол" вокзалының іске қосылуына байланысты 2017 жылдың 1 маусымынан бастап пойыздардың жаңа кестесі бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыздардың толық тізімі мен жүру уақыты temirzholy.kz сайтында жарияланды.
Жаңа "Нұрлы жол" вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-і "Тұлпар-Тальго" жүрдек, 16-сы кәдімгі және 16-сы қала маңы пойыздары.
Сонымен қатар, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі кезінде әртүрлі бағыттар бойынша қосымша 14 пойыз жолға шығады.
Жаңа вокзалға дейін қала ішінде 2, 14, 32, 48, 50, 57, 201, 202, 500 және 505 автобустары қатынайды.
Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалыңыз.
Показать комментарии
Читайте также