Астанада қар жинауға 1345 техника шықты

© Астана әкімдігінің сайты

Елордада б?гін ?ар жинау?а 1345 техника шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап.

Елордада бүгін қар жинауға 1345 техника шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада соңғы күндері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне "Астана Тазалық" ЖШС хабарлады.

"Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, "Астана Тазалық" ЖШС 11 787 текше метр, "Астана-көгалдандыру құрылысы"АҚ 2 159 текше метр және мердігер ұйымдармен 20 281текше метр қар шығарылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әкімдіктегілердің мәліметінше, жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника тартылды, соның ішінде Алматы ауданында 557, Сарыарқа ауданында 343 және Есіл ауданында 445 техника. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар.

Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды.

Айта кетейік, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама