Астанада қатты желдің салдарынан мектептің шатыры ұшып, көлік бүлінді

Елена Нефедованың фотосы. Сурет әлеуметтік желіден алынды

Астанадағы шаңды дауыл туралы ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

11-шілде күні кешкісін елордалықтарды әбігерге салған түтеген шаңды дауылдан кейін жүздеген қала тұрғыны төтенше жағдайлар департаменті көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. «Кеше кешкі сағат 7-ден 10-ға дейін Астана қалалық ТЖД кезекші қызметіне елорда тұрғындарынан 300-ден астам қоңырау келіп түсті. Оның басым бөлігі электр энергиясы желілерінің үзілуіне қатысты болды. Оқиға орындарына орталық және өңірлік аэромобильді жасақтар жедел аттандырылып отырды. Біз дауыл тұратыны жайында алдын ала 9-шілдеде мәлім еткен болатынбыз", - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

"Бұдан бөлек, Астанада қатты желдің салдарынан №64 мектептің 40 шаршы метр шатыры жұлынып кетті. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Алайда елорда аудандарының бірінде көліктің үстіне ағаш құлап кеткен. Кешеден бері ТЖД қызметкерлері жан-жаққа көмекке барып, қатты желдің салдарынан подъездге кіру қиындаған, ағаштар құлаған, төтенше жағдайды жою жұмыстарын жүргізілуде", - делінген таратылған ақпаратта. 

Реклама
Реклама

Бұдан бұрын таратылған ақпарат бойынша, алдағы үш тәулік бойына республикамыздың солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады, кейбір жерлерде жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-23 метрді қамтиды, тіпті бұршақ жаууы да мүмкін, күндізгі ауа температурасы 15-25 градус жылылықты көрсетеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама