Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерінің көрмесі өтеді

© Kazpravda.kz

9-30 ?азанда Астанада ?аза?стан Республикасы Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына орайластырыл?ан "?уатты ??ір - ?уатты ?аза?стан" акциясы аясында А?мола облысыны? к?ндері ?теді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап.

9-30 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған "Қуатты өңір - қуатты Қазақстан" акциясы аясында Ақмола облысының күндері өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Хан Шатыр" СОСО аумағындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың 19 ауданы мен "Есіл" ӘКК" ҰК АҚ кәсіпорындары мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер қатысады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты мәдени бағдарлама ұсынбақ,
29 қазанда сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында М. Шахановтың "Шыңғысхан" спектаклі қойылады.

Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тәуеліздігінің 25 жылдығына орайластырылған Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жетістіктер көрмесі, сондай-ақ ақын, драматург, жазушы Құдайберді Мырзабектің "Жанымның мәңгі көктемі" атты шығармашылық кеші өтеді.

Реклама
Реклама

30 қазанда сағат 16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында Ақмола облыстық филармониясының "Жер жұмағы - Көкшетау, Ел тұмары  - Астана" атты концерттік бағдарламасы ұсынылады. Осы күні сағат 18:30-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры Т. Ахметовтың "Шәкәрім" спектаклін көпшілік назарына ұсынады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама