Астанада құстар шоқып тастаған еттің сатушысына айыппұл салынды

Өнімін құстар шоқығаны үшін, астаналық ет сатушыға айыппұл салынды. Етке шабуылдап жатқан қарғалар мен көгершіндердің видеосы Facebook желісінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнімін құстар шоқығаны үшін, астаналық ет сатушыға айыппұл салынды. Етке шабуылдап жатқан қарғалар мен көгершіндердің видеосы Facebook желісінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінде тараған видео авторының айтуынша, ол ет кесектерін көшеде "Евразия" сауда орталығының маңынан байқаған. Ет өнімдерінің жанында адамдар болмаған, десе де етті қарғалар мен көгершіндер назардан тыс қалдырмапты. 

"Көгершін білуімізше, ұшатын егеуқұйрық. Барлық індет те сонда", - деп шағымданды видео авторы.

Реклама
Реклама

Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына сілтеме жасаған Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Юлиана Жихордің айтуынша, заңға сәйкес, мұндай әрекеті үшін жануар етін өндіруші тарапына 20 АЕК (шамамен 48 мың теңге - Авт.) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Айтуынша, бұл ет өндірістен шығарылып тасталған.

"Қауіпсіздік шараларына сәйкес сынамалар алынды, мерекелік күндерден кейін "Мемлекеттік ветеринарлық зертханаға" жіберіледі. Өнім өндірушілерге ветеринарлық санитарлық ережелерді сақтау туралы түсіндіру шаралары жүргізілуде", - деді Жихорь.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама