Астанада құжат тексеру күшейтіледі

Астанада құжат тексеру күшейтіледі

10 мамырдан бастап елорда т?р?ындары мен ?она?тарыны? ??жаттарын тексеру к?шейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап.

10 мамырдан бастап елорда тұрғындары мен қонақтарының құжаттарын тексеру күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 10-ынан 31-іне дейін Астанада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді.

"Аталған акцияның шеңберінде құжаттарды тексеру күшейтілмек. Елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткен дұрыс. "Құқықтық тәртіп" шарасының басты міндеті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тіркелмеген азаматтарды анықтау", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Шара "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде қолға алынып отыр екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама