ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2019 | 09:40
Астанада ірі дүкендердің бірінің сатушылары шу шығарды
Астанада супермаркет сатушылары жалақы берілмегендіктен, наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада супермаркет сатушылары жалақы берілмегендіктен, наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, Астанада сегіз бірдей дүкені бар "Алма" сауда желісі жабылып, жұмысшыларының жалақысын бермей қойған. Жұрттың бәрін шулатып қойып, басшылары жоқ болып кеткен. Ал сатушылар мен кассирлер жалақысын кімнен дауларын білмей, дүкен ішінде сенделіп жүр.
"Жалақымды дұрыс бермеді. 5 мыңдай алып қалды. Мені осылай қорлағаны үшін үш айлық өтемақымды беруі керек қой, компенсация деген қайда?!", - дейді сатушылардың бірі Рысай Қуаныш.
"Дүкеннің іші осылай болып жатқанда сұмдықтың көкесі төменгі жертөлесінде екен. Азық-түлік сақтайтын қоймалары мен ас дайындайтын бөлмелері толығымен антисанитария. Басқа қоймаларының да санитарлық талапқа сай келетін тұсы сирек. Жағдайдың бәрін басшылардың өз аузынан есту деген арманға айналған. Олардың орнында осында жүрген жалғыз меңгеруші ғана", - дейді телеарнадағылар.
"Оларды табельге тіркеуді ұмытып кетіпті. Неге екенін білмеймін. Жағдайды тек қаржы директоры ғана шеше алады. Кеше сөйлескем, бүгін келіп жалақыларын берем деген. Енді таппай отырмыз. Таңертең полицияға әкеткен. Қазір қайда екенін ешкім білмейді", - деді дүкен меңгерушісі Фатима Тичоева.
Сатушылардың айтуынша, "Алма маркеттің" Астана қаласы бойынша сегіз дүкенінің бәрінде осындай жағдай. Олар енді жиналып қалалық еңбек инспекциясына арызданып отыр.
Показать комментарии
Читайте также