Астанада ірі өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Астанада Мәңгілік ел даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде ірі өрт шықты. Оқиға сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Мәңгілік ел даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде ірі өрт шықты. Оқиға сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Tengrinews.kz редакциясына оқырман жолдаған.

"Қазіргі уақытта елордалық өртсөндірушілер Мәңгілік ел даңғылы бойында, Есіл ауданында орналасқан мейрамханадағы өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары деңгейдегі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр", – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Видеодан мейрамхана ғимараты қатты түтіндегені байқалады. Өрт болған сәтте ішінде адамдар болған-болмағаны белгісіз.

Сағат 17:00-де ТЖМ өрттің оқшауланғанын хабарлады. Бұл жалынның таралуы тоқтатылды, бірақ өрт әлі толық сөндірілмеді деген сөз.

Нақты мәлімет бойынша, Мәңгілік ел даңғылы бойындағы мейрамханалардың бірінде ас үй бөлігінде май жанған.

Суреттер: Эльдар Нуруллин

Сағат 17:13-те ТЖМ өрттің толықтай сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама