16 қараша 2022 | 08:54

Астанада салмағы бес келіден асатын сәби дүниеге келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астанада салмағы 5 075 грамм, бойы 58 сантиметр болатын ұл бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада салмағы 5 075 грамм, бойы 58 сантиметр болатын ұл бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, босанған әйел №2 КҚА акушерлік блогына түскен.

"Жүктіліктің 41-аптасында толғағы келіп, босану блогына ауыстырылды. Босану жоспары Диананың денсаулығын ескере отырып, консервативті түрде болды. Біз баланың басы жамбастың бойымен алға жылжуын бағалап, босану қарқынын қатаң қадағаладық. Табиғи жолмен босанды. Диананың бұл үшінші баласы, алдыңғы сәбилері де 4500, 4600 граммен ірі болып дүниеге келген. Анасы да, бала да өздерін жақсы сезінеді", - деді акушер-гинеколог дәрігер Динара Байзаққызы Издибаева.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің айтуынша жаңа туған нәрестенің қалыпты салмағы жынысына байланысты: ұлдар үшін 3 400-3 500 грамм, бойы 44,2 -55,66 сантиметр, қыздар үшін - 3 200-3 400 грамм, бойы 43,6 - 54,7 сантиметр. Орташа қалыпты баланың салмағы 2500-ден 4500 грамға дейін деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная