Астанада сальмеонеллез ауруын жұқтырған 19 тонна құс еті өртелді

© Ktk.kz

Астаналық ветеринарлар сальмеонеллез ауруын жұқтырған 19 тонна құс етін өртеп жіберді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Құс еті Астана дүкендерінде тарап кеткен.

Басылымның мәліметінше, адам өмірі үшін қауіпті ауру құстарға еліміздегі фабрикалардан келген. Құс етінің Алматыдан жеткізілгені белгілі болды.

Астана қаласы бойынша аймақтық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Айтбай Тайжановтың айтуынша, сальмеонеллез тұрмыстық қарым-қатынастан, тауарды тасымалдау, сақтау кезінде жұғуы мүмкін. "Былайша айтқанда, тазалық болмағанда. Алматы облыстық инспекциясы "Алатау құс фабрикасына" тексеріс жүргізіп жатыр", - деді ол.

Реклама
Реклама
Мамандар қауіпті тағамды жою үшін бір ай бойы 45 дүкен мен қоймаларды аралады. 10 миллион теңгенің өнімі полигонға апарылып, өртеліп жіберілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама