Астанада самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі: не өзгермек?

Астанада самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі: не өзгермек? Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанада тротуарларда электрсамокаттардың қозғалысына шектеу қойылады. Жақын арада оларды тіркеу және ережебұзушылықтарға бақылауды күшейту шаралары енгізіледі. Бұл туралы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Махамбет Төлешов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Астанада тротуарларда электрсамокаттардың қозғалысына шектеу қойылады. Жақын арада оларды тіркеу және ережебұзушылықтарға бақылауды күшейту шаралары енгізіледі. Бұл туралы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Махамбет Төлешов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Төлешовтің айтуынша, электрсамокаттарды тіркеп, оларға мемлекеттік нөмірлер беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар бейнебақылау камералары жүргізушілер тарапынан болатын құқықбұзушылықтарды тіркей алады.

"Осы шаралар арқылы біз жаяу жүргіншілердің тротуардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз", - деді Төлешов брифинг барысында.

Реклама
Реклама

Самокаттардың тротуарда жүруіне толық тыйым салу мәселесі әзірге талқыланып жатыр.

"Тротуарларда электрсамокаттар қозғалысына тыйым салынған жағдайда, олардың жолдың жүру бөлігіне шығатынын түсіну керек. Тиісінше, жол қауіпсіздігіне төнетін қатер де артады. Қазір егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерінің талаптары велосипедшілерге де қатысты екенін еске салды.

"Велосипедшілерге барлық талап қойылады. Ереже бұзған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады. Жеке құрам тұрақты түрде бақылау жүргізіп тұрады", - деп толықтырды Төлешов.

Жеке самокат иелерінің веложолдарға дейін қалай жетуі керектігі туралы сұраққа жауап берген полицей өзгерістердің тек жалдау сервистеріне қатысты болатынын нақтылады.

"1 шілдеден бастап өзгерістер тек электрсамокаттарды жалға беретін операторларға қатысты болады. Тротуарда жүруге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр және әзірге қабылданған жоқ. Қозғалыс бұрынғы режимде жалғасады, бірақ пайдалануды бақылау күшейтіледі", - деді басқарма бастығының орынбасары.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама