Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй: құжат қабылдау басталды

Фото:depositphotos.com

Астанада "сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада "сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігінің ресми сайты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап, елордалық тұрғын үй орталығы "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ желісі бойынша "сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатынын мәлімдеді.

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүргізіледі.

Реклама
Реклама

Өтінімдер 2024 жылы 28 тамыз сағат 09:00-ден 2024 жылғы 3 қыркүйекте сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Бағдарламаға "Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар" санаты бойынша Астана қаласында тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар ғана қатыса алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама