Астанада сауда орталығына жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған хабарлама берген "ҰҚК қызметкеріне" жаза кесілді

© Tengrinews.kz

Астанада өзін ҰҚК қызметкері етіп таныстырған ер адамға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана прокуратурасы істің мән-жайын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, биыл 26 сәуірде, сағат 23.30-да әскери форма киген ер адам өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, Астанадағы "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығының күзет бөліміне ғимаратқа жарылғыш заттың қойылған айтып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

"Азамат мемлекеттің қызметтік тұлғасының лауазымын жамыла отырып, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық іске барды. Іздестіру шаралары нәтижесінде ҰҚК Департаментінің және Астана ІІД қызметкерлері ер адамды анықтады", - деді Астана Прлоекратура басқармасының терроризм және экстремизмге қарсы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры Темірлан Әділханов.

Реклама
Реклама

Ол күдіктінің ұсталғанын айтты. Кейін Астана Есіл аудандық №2 соты ер адамның ҚР ҚК 273-бабы "террорлық акті туралы жалған хабарлама беру" және ҚР ҚК 390-бабы, 2-бөлімі - "ҚР ҚК 390-бабы, 2-бөлімі "билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену және осы негізде қылмыс жасау" бойынша кінәлі деп танылғанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама