Астанада шектеулер енгізіледі: Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындарға үндеу жасады

видео кадры

Астанада уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметі хабарламасына сілтеме жасап.

Астанада уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметі хабарламасына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, 27-28 қараша күндері шет мемлекет басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық және оны өткізу аясында елордадағы кейбір көшелерде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Дайындық шаралары арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен ҚР Қарулы Күштерінің, соның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалануды көздейді.

Сонымен қатар, 27 қарашада Қорғаныс министрлігі авиациясының ұшулары жоспарланған.

Реклама
Реклама

"Халықаралық деңгейдегі маңызды шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты жүргізілетін шараларға қала тұрғындары мен қонақтарының түсінікпен қарауын сұраймыз", – деп мәлімдеді Мемлекеттік күзет қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама