Астанада Сирияға қатысты кезекті кездесу наурызда өтуі мүмкін

Иранны? ?аза?станда?ы елшісі Моджтаба Дамирчилу Астанада Сирия?а ?атысты кезекті кездесуді? 21 наурыз?а дейін ?туі м?мкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылымны? м?ліметінше, кездесуді? на?ты уа?ыты ?лі белгіленбеді.

Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилу Астанада Сирияға қатысты кезекті кездесудің 21 наурызға дейін өтуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, кездесудің нақты уақыты әлі белгіленбеді.

Айта кетейік, Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің екінші раунды 15-16 ақпанда өткен болатын. Келіссөздер қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия елдері бақылау тобын құру туралы шешім қабылдады.

"Астанада Сирияға қатысты кездесу наурыз айында, мүмкін Наурыз мейрамына дейін өтуі мүмкін, бірақ бұл әлі нақты емес", - деді дипломат. Оның айтуынша, алдағы кездесудің нақты қашан өтетіні жақын арада белгілі болады. Айта кетейік, Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Женевада Сирияға қатысты келіссөздердің жаңа раунды өткені хабарланған болатын. Үкіметтік делегация мен оппозиция өкілдері Швейцарияға келген еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама