Астанада сотты болған жиырмаға жуық адам кәсіпкер атанды

© vitsto.by

Жыл басынан елімізді? бас ?аласында сотты бол?ан жиырма?а жуы? адам б?гінгі та?да табысты ж?мыс істеп т?р?ан Т?С, сауда орны, ??рылыс бригадасы сия?ты ша?ын к?сібін ашты. Б?л туралы Астана ?аласы ?кімдігі медиа орталы?ыны? тілшісіне "О?тайландыру технологиялары мен т?жырымдамалары" ??-ны? директоры Орынбасар ??лжабаева м?лім етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? ?кімдігіні? меди орталы?ына сілтеме жасап. 

Жыл басынан еліміздің бас қаласында сотты болған жиырмаға жуық адам бүгінгі таңда табысты жұмыс істеп тұрған ТҚС, сауда орны, құрылыс бригадасы сияқты шағын кәсібін ашты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі медиа орталығының тілшісіне "Оңтайландыру технологиялары мен тұжырымдамалары" ҚҚ-ның директоры Орынбасар Құлжабаева мәлім етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің меди орталығына сілтеме жасап. 

Құлжабаеваның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Астанада бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1 240 азаматқа көмек көрсетілген. Сотты болған азаматтар психологиялық, медициналық көмек алып, құқықтық қолдауға ие болған. 

"Абақтыдан шыққан азаматтар үшін жұмысқа орналасу соттылықты өтеудің маңызды себепшісі болып табылады. Осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындарын ашу, яғни кәсіпкерлік қызметті дамытудың да маңызы өте зор", - деп атап өтті Орынбасар Құлжабаева тақырыбында қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен қор ұйымдастырған "Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарға арналған кәсіпкерліктің тұрақты дамуы" конференциясында.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама