Астанада студенттер екі күнге қашықтан оқуға көшіріледі

Фото:depositphotos.com

Астанада 27-28 қараша күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуіне байланысты кейбір студенттер онлайн оқу форматына көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 27-28 қараша күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуіне байланысты кейбір студенттер онлайн оқу форматына көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың мәлімдеуінше, 27-28 қараша күндері:

  • 4 жоғары оқу орны қашықтан оқу форматына көшеді;
  • 2 жоғары оқу орны сабақтардың бір бөлігін қашықтан өткізеді;
  • 2 жоғары оқу орны студенттерін демалысқа (1-триместр) жіберді;
  • 5 жоғары оқу орны дәстүрлі офлайн оқу форматын сақтап қалды.
Реклама
Реклама

Ол шешімдерді жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайтынын нақтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама