05 желтоқсан 2023 | 12:54

Астанада су тарифі өзгеруі мүмкін

Фото:depositphotos.com

Астанада су тарифі қымбаттауы мүмкін. Алматы ауданы әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдауда "Астана су арнасы" кәсіпорны өкілдері осындай ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада су тарифі қымбаттауы мүмкін. Алматы ауданы әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдауда "Астана су арнасы" кәсіпорны өкілдері осындай ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана су арнасы" АҚ өкілдері қолданыстағы тарифтер 2023 жылғы маусымда бекітілгенін айтты. Ауызсудың жаңа тарифтері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 12 теңгеге - 105 теңгеден 117 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Сарқынды суларды бұру және тазарту тарифі 103 теңгеден 117 теңгеге дейін, өндірістік су 40 теңгеден 43 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Компания өкілдері мәліметінше, су тарифтерін көтеру өсіру үшін:

кәріз желілерін қайта құруға және жөндеуге, жабдықтарды жаңартуға қосымша инвестициялар; стратегиялық тауарлардың құнын арттыру; кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек.

Тарифтер бойынша түпкілікті шешім айтылған пікірлерді, ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, өтініштерді жан-жақты талдап, қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады деп уәде беріліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная