25 маусым 2024 | 09:27

Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жабылады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ мәліметінше, Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсемінің жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты, 25 маусым сағат 00:00 ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram