Астанада Достық пен Қонаев көшелері бойындағы жол төсемінің үсінгі қабатын салу бойынша жұмыстар жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты, 7-9 шілде аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!