28 наурыз 2023 | 12:24

Астанада тапшылыққа байланысты су қысымы төмендейді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астанада су қысымы төмендейді. Қала тұрғындарына суды ұтымды пайдалану ұсынылды. Бұл туралы "Астана су арнасының" баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада су қысымы төмендейді. Қала тұрғындарына суды ұтымды пайдалану ұсынылды. Бұл туралы "Астана су арнасының" баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауызсу өндіруге арналған жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. "Астана су арнасы" су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр:

04:30-дан 09:30-ға дейін судың қысымы жоғары режимде болады;
09:30-дан 12:00-ге дейін - төмендетілген қысымда;
12:00-ден 14:00-ге дейін - жоғары қысымда;
14:00-ден 18:00-ге дейін - төмендетілген қысымда;
18:00-ден 00:00-ге дейін - жоғары қысымда;
00:00-ден 04:30-ға дейін – төмендетілген қысымда", - деді компания өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін қолға алынады. Оның құрылысы 2021 жылдың күзінде басталған.

"Тәулігіне 105 000 текше метр өткізу қабілеті бүкіл қаланы сумен қамтамасыз етуді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа сорғы және сүзгі станциясы құрылысын аяқтау биылғы жазға жоспарланып отыр. Барлық тұтынушылардан судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерді азайту үшін суды ұтымды пайдалануды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет", - деді компания астаналықтарға.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная