21 маусым 2024 | 09:27

Астанада Тәуелсіздік көпірі ішінара жабылады

Фото: depositphotos.com

Астанада Тәуелсіздік көпірі ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Тәуелсіздік көпірі ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы қазанда автокөлік құралдарының өткізу қабілетін арттыру мақсатында Есіл өзені бойынша Тәуелсіздік көпірі арқылы жол қозғалысы қамтамасыз етілген.

"Көрсетілген учаскеде жол төсемінің төменгі қабаты ғана төселген болатын. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 21-30 маусымы аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл уақытта қозғалыс көпірдің бір жағында екі бағытта қамтамасыз етіледі.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram