ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2022 | 11:14
Астанада ТМД үкімет басшыларының отырысы басталды
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға келген премьер-министрлер: Әзербайжан - Әли Асадов, Беларусь - Роман Головченко, Тәжікстан - Кохир Расулзода, Өзбекстан - Абдулла Арипов, сондай-ақ Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Министрлер кабинетінің төрағасы - Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов. Қазақстан атынан премьер-министр Әлихан Смайылов қатысып жатыр.
Іс-шараны ашқан Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан ТМД шеңберіндегі өзара тиімді әріптестікті тереңдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беретінін атап өтті.
"Бүгінгі күрделі жағдайда Достастықтың жұмысы бір орында тұрған жоқ, ынтымақтастық үшін жаңа бағыттар қарастырылып жатыр", - деді ол.
Сондай-ақ, премьер-министр ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедевті келесі үш жылдық кезеңге тағайындалуымен құттықтады.
Кездесуде қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуды жоспарлап отыр:
- экономикалық өзара іс-қимыл;
- қызметтердің, мекеменің, қызметтің және инвестицияларды жүргізудің еркін саудасы;
- ғылыми-техникалық және технологиялық ынтымақтастық;
- 2023 жылы Беларусьте ТМД елдерінің II ойындарын өткізу;
- химиялық кешен салаларын цифрлық трансформациялау;
- мемлекетаралық радионавигациялық бағдарлама;
- гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шаралар;
- ТМД органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету және басқа да мәселелер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также