Астанада төменгі сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды

©Тұрар Қазанғапов

Астанада екінші ауысыммен оқитын оқушыларға сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желдің күшеюіне байланысты екінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушыларының 2014 жылдың 4 желтоқсан күнгі сабақтары өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Бұл шешім қалалық білім басқармасының қаулысына сәйкес қабылданды. Еске сала кетейік, алдағы күндері Қазақстанда қарлы әрі аязды ауа райы ауысып отырады деп хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама