"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 11, 12 және 13 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
11 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундсына 2-7 метрге, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус жылы.
12 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.
13 сәуірде күн райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +14...+16 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы болжамы
11 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болмақ.
12-13 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болады.