19 сәуір 2023 | 15:56

Астанада тұрғын үй кешені үстіне мұнара краны құлады

Дина Шарипханова Корреспондент

19 сәуірде Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

19 сәуірде Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кранының иесі ИП Капитал)", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендер жоқ.

"Қазіргі уақытта оқиға орнын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Департаментпен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылды", - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная