20 желтоқсан 2022 | 08:49

Астанада тұрғындар 8 жастағы баланы көлiк қағып кеткен соң жолды жауып тастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астанада оқушыны көлiк қағып кеткен соң тұрғындар жолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада оқушыны көлiк қағып кеткен соң тұрғындар жолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

38-көшенің тұрғындары жолды жауып, көліктердің жүруіне кедергі келтірген. Олар көшеге жарық беруді талап етіп, видео үндеу жолдаған.

"Бүгін кішкентай баланы көлік қағып кеткен 38-ші көшені жауып жатырмыз. Көше қараңғы, жүргізушілер көрмей қалады. Жарық жоқ. Біздің ауданда жол апаты көп болатынын ескеріңіздер. Балаларымыздың үйге аман-есен оралғанын қалаймыз. Көшеге жарық жағыңыздар!", - дейді тұрғындар.

Реклама
Реклама

Тұрғындардың айтуынша,19 желтоқсанда сағат 17:50 шамасында Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігін бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізілді және дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді. Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная