Астанада тұрғынды 20 млн теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды

Астанада алаяқтық бойынша қала тұрғыны полицияға арыз жазып, 49 жастағы Түркия елінің азаматына алданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада алаяқтық бойынша қала тұрғыны полицияға арыз жазып, 49 жастағы Түркия елінің азаматына алданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы аясында күдіктіні анықтады.

Күдіктінің жәбірленушімен бір отырыста кездесіп, танысып, жөн-сұрасқаннан соң, бірге бизнес ашпақшы болғаны мәлім болды.

Реклама
Реклама

Күдікті Түркиядан тауар әкелем деп алдау арқылы жергілікті тұрғыннан 20 млн теңге ақша ұрлап, кейін ізін суытты. Жәбірленуші ақшаны оған қолма-қол берген. Алаяқ тағы 3 адамды дәл осылай алдаған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қылмысқа қатысы бар адам өз кінәсін мойындады. Күдікті қазіргі таңда абақтыда отыр.

Алаяқтың ашылмаған ұқсас сипаттағы қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама