20 шілде 2023 | 12:00

Астанада үлескерлер арызы бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы өндірісінде алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін бірнеше жылдан бері уәде етілген пәтерлерін ала алмай жүрген үлескерлер полицияға арыз жазып жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәңгілік Ел даңғылы бойында салынып жатқан R-Club тұрғын үй кешеніне инвестиция салған үлескерлердің шағымынан кейін Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сауал жолдады.

"Астана қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген полицияның сауалға берген жауабында.

Реклама
Реклама

Полицейлердің айтуынша, басқа ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram