18 сәуір 2023 | 17:31

Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылысшылар тізімі жаңарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астана әкімдігі құрылысының бастапқы сатысында тұрған және үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігі құрылысының бастапқы сатысында тұрған және үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайы бойынша "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03.

Реклама
Реклама

Нысандардың тізімі мына сілтемеде.

"Астана әкімдігі азаматтардан қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн екенін еске салады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная