Астанада Ұлы Дала даңғылы ішінара жабылады

Астанада Ұлы Дала даңғылы ішінара жабылады Фото:elements.envato.com

Астанада Ұлы Дала даңғылы ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәлеметіне сілтеме жасап.

Астанада Ұлы Дала даңғылы ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәлеметіне сілтеме жасап.

"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ мәліметінше, Ұлы Дала даңғылы бойынша Мәнгілік Ел даңғылынан Бөкейхан көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты, 20-23 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсінікпен қарауды өтінеміз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама