Астанада Ұлы Дала даңғылының бөлігі бір айға жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты 16 шілде мен 16 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама