Астанада үш көшеге жаңа атау беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Марко Поло. Фото: commons.wikimedia.org

"Астана-Арена" спорт кешені мен "Алау" мұз сарайының арасындағы аты жоқ көше саяхатшы Марко Полоның есімімен аталады. Сондай-ақ елордадағы тағы екі көшеге жаңа атау беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана-Арена" спорт кешені мен "Алау" мұз сарайының арасындағы аты жоқ көше саяхатшы Марко Полоның есімімен аталады. Сондай-ақ елордадағы тағы екі көшеге жаңа атау беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл шешім бүгін елорда мәслихатының сессиясында қабылданды. Тиісті ұсыныстарды Астананың Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ұсынды.

"Қыркүйекте, Италия президенті елімізге ресми сапармен келген болатын. Сол кездесу барысында Мемлекет басшысы Астанадағы орталық көшелердің біріне Марко Полоның атын беруді тапсырған еді", – деді ол.

Реклама
Реклама

Көше Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарын жалғайтын аумақта орналасқан.

видео кадры

Бұдан бөлек, Астанада тағы екі көшеге атау беру ұсынылды:

  • жобалық атауы Е15 көшесіне – Мұхаммед Әли Джинна;
  • жобалық атауы Е754 көшесіне – София атауы берілмек.

Анықтама:

Мұхаммед Әли Джинна – мұсылман саясаткер, Пәкістанда ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде құрметтеледі.

София – Болгарияның астанасы және ең ірі қаласы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама