Астанада үсік жүреді, Алматыда күн +30 градусқа дейін жылынады: 17-19 мамырға арналған болжам

Астанада үсік жүреді, Алматыда күн +30 градусқа дейін жылынады: 17-19 мамырға арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнге - 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнге - 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана

17 мамырда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус, күндіз 26-28 градус жылы.

Жарнама
Жарнама

18-19 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 25-27 градус жылы.

Алматы

17 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

18 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 27-29 градус жылы.

19 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама