02 шілде 2017 14:47

Астанада үйіне көп адам тіркейтін азаматтар жауапқа тартылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық әкімдік жарықпен қамтамасыз ету және құрылысты үлескерлікпен салу, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар баратын мекемелердің тығыздығы мәселелері, сондай-ақ жедел оқиғаларға қатысты Елбасының тапсырмасын іске асыруға белсенді кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астаналық әкімдік жарықпен қамтамасыз ету және құрылысты үлескерлікпен салу, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар баратын мекемелердің тығыздығы мәселелері, сондай-ақ жедел оқиғаларға қатысты Елбасының тапсырмасын іске асыруға белсенді кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Әсет Исекешев Елбасының қабылдауында болды. Кездесу барысында Президент елорда тұрғындарының тіршілік әрекетіне байланысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының саны күннен күнге көбейіп келе жатқанын баса айтты, осы орайда оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балаларды білім ордасымен, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін тілге тиек етті. Әсет Исекешев биылғы жылдың сәуір айында Астана қаласының дамуы бойынша өткен кездесуде берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді. Президент пен шаһар басшысының кездесуі кезінде сондай-ақ қаланың инфрақұрылымы мен құқықтық тәртіпті жақсарту жөнінде сөз болды. Президент үлескерлікпен салынатын құрылыс мәселесін де сырт қалдырған жоқ.

Астана әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың бірқатар экономикалық даму көрсеткішінің өсімі туралы және әлеуметтік салада жағымды серпіннің орын алғаны жөнінде айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың нәтижесін атап өтіп, елорданы дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды. Оған қоса қалада халық санының өсуі мен көші-қон процесін бақылау жөнінде сөз болды. Президент елордада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын-үйлерді үлестіру жүйесін тәртіпке келтіруді тапсырды. 

Әкім қаладағы жағдайды айта келе, көш-қон процесінің жоғары қарқынына қарамастан, биылғы 5 айда қылмыстың жалпы саны (18 314 оқиғадан 15 122-ке дейін) 17,4 пайызға төмендегенін атап өтті. Адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлау, алаяқтық, күшпен тартып алу және көліктерді алып қашу сияқты ауырлығы орташа, ауыр емес және аса ауыр қылмыстардың саны қысқарды.

Биылғы бес айдың қорынтындысы бойынша ұрлау оқиғалары (9 727 оқиғадан 8 943-ке дейін) 8,1 пайызға төмендеді, оның ішінде пәтер ұрлығы 10, 9 пайызға (992 оқиғадан 884-кедейін) азайды.

Әкім өз сөзінде елордада азаматтарды тіркеуде жағымды қарқын алғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін елордада негізінде сол мекен-жай бойынша тұрмайтын және пәтер иелерініне ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ жүздеген азаматтарды бір пәтерге тіркеу мәселесі өткір мәселелердің бірі болса, бүгінде ол оң шешімін тауып жатыр. 2016 жылы осындай тіркелімнің 200-ден астам оқиғасы анықталған. Тіркеуде жауапкершілік арттырылған соң бұндай пәтерлердің саны күрт азайды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

2017 жылдың сәуір айынан Астанада көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері есебінен мобиль топтар құрылып, жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда 561 мекен-жай тексеруден өтті. Негізінде сол пәтерде тұрмайтын, бірақ құжат бойынша тіркеуде тұрғаны үшін 81 үйдің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтер иелерінің өтініші бойынша, 13 002 азамат тіркеуден алынды.

Қала басшысы елордада көші-қон бақылауда екендігін және заңсыз көші-қон мәселесіне аса ден қойылатынын атап өтті. 

Қазіргі уақытта Астанада ресми статистикаға жатпайтын 77 мың шетел азаматы және шамамен 200 мың азамат уақытша тіркелген.

Қала әкімдігі мектеп пен балабақшаларда оқушылар мен балғындардың көптігі мәселесі кешенді түрде шешілуде.  

Қалада 130 542 оқушы оқитын 95 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Олардың 84-і мемлекеттік мектеп, онда 126 917 бала оқиды, 11-і жеке мектеп, онда 3 625 оқушы білім алады. 2016-2017 оқу жылында қаланың 27 мектебінде оқушылардың саны белгіленген есептен көптігі сақталған, оның 3 білім ордасында үш ауысымды сабақ жүргізілген. Осылайша 9 588 оқушы орны жетіспегені байқалды. 

1-ші сыныпқа келген оқушылардың саны (болжам бойынша 22 000 оқушы) күрт өсуіне және көші-қонға (болжам бойынша 4 500 оқушы) байланысты, 2017-2018 оқу жылында болжам бойынша 17 мың оқушы орны жетіспей қалуы әбден мүмкін.

Осыған байланысты 2017-2018 оқу жылында 2600 орынға арналған жапсарлас салынған 5 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 11 100 орынға арналған 10 мектептің құрылысы басталды, ол 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

2018-2019 жылдар аралығында салынатын 13 мектептің жобасын жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Елордада 263 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 96 мемлекеттік және 2 ведомствалық, 116 жеке және 49 шағын орталық жұмыс істейді. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 3-6 жас аралығындағы 33 240 бала мектепке дейінгі мекемеден орын алу кезегінде тұр. Мектепке дейінгі балалардың саны туу мен көші-қон көрсеткішінің жоғары деңгейіне байланысты артып отыр. Күн сайын балабақша кезегіне орташа есеппен 90 бала тұрады (60-70 сәби дүниеге келеді, 20 бала көші-қон есебі арқылы). 

2017 жылы 480 орындық 2 мемлекеттік балабақша, МЖС аясында 720 орындық 3 балабақша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ балабақшаларды салу бойынша жеке серіктестерді анықтау жөнінде байқау өткізілді. Қазіргі уақытта 2019 жылы пайдалануға берілетін 1 680 орындық балабақша бойынша 6 жоспар іске асырылуда. Білім басқармасымен жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен 10 000 орындық жеке балабақша ашу жоспарланған.

Астана қаласының күннен күнге өсіп келе жатқан тұрғындарын жарықпен қамтамасыз ету үшін 2010 жылдан бастап "Астана қаласында ЖЭС-ның құрылысы, 1-ші кезек" жобасы іске асырылу үстінде. Оның құрамына суды жылыту қазандығы, ЖЭС-3 барлық инфрақұрылымы, теміржол стансасы, ішкі және сыртқы инженерлік жүйелер, су беру нысандары, 1-ші көтеру сорғысы, 480 Гкал/сағатына қуаттылығымен әкімшілік ғимараттар кіреді. 

Бүгінде су жылыту қазандығы ғимаратының құрылысы, 4 су жылыту және 1 бу беру қазандығының монтажы, теміржол және көлік бағыты, мазут шаруашылығы, негізгі ғимараттар мен құрылымдар, ОРУ және релелік қалқанның монтаждау жұмыстары аяқталған. ЖЭС құрылыс дайындығы 70 пайызды құрайды.

Барлық жөндеу жұмыстарының аяқталуы және ЖЭС-3 іске қосылуы 2018 жылға жоспарланған.

Әкімдік үлескерлікпен салу мәселесін де бақылауда ұстап отыр. 

Қазіргі уақытта әкімдік, прокуратура, ішкі істер және мемлекеттік кірістер органдарының жоспарлы жұмысының нәтижесі бойынша, тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның аясында күрделі нысандардың саны тек соңғы жылда 67-ден 52-ге азайды.

Ведомствоаралық комиссияның мүшелерімен заң аясында нысандардың құрылысын аяқтауға септігін тигізу ынтымақтастығы жүргізілуде.

Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша 44 ТҚК жұмыс істейді, оның ішінде ТҚК-де нысандарды және жер учаскесін беру жөнінде 18 нысан бойынша соттың шешімі бар. 

Ведомствоаралық комиссия атқарып отырған жұмыстың аясында 2015-2017 жылдар аралығында 100-ден астам нысанда тұру үшін баспананы заңсыз пайдалануға беру оқиғалары анықталды, бұл тұрғыда баспананы салушыларға қатысты шара қабылдау үшін құқыққорғау органдарына арыз берілді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша, 2016-2017 жылдары 25 алақол салушыға қатысты кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу және алаяқтық фактілері бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жүргізушілердің активтері құрылысты аяқтау үшін үлескерлерге өтті.

"Азбука жилья" АҚ-ның 9 күрделі нысаны бойынша "Орда Инжиниринг" ЖШС-нің басқарма компаниясына активтерді беру аяқталды. Қазіргі уақытта "Орда Инжиниринг" ЖШС тұрғын-үй кешендерінің құрылысын қайта қалпына келтірді.

Сот "Тамыз Инвест Групп", "Төленді" "Номад Құрылыс-ЭК" және т.б. құрылыс компанияларының басшыларына қатысты істерді қарастыруда.

Қала әкімдігінде Бас прокуратура, Құрылыс істері жөніндегі комитет, Құрылысшылар ассоциациясы, қалалық құқыққорғау органдары және кепілдендірілген тұрғын-үй құрылыс қорының өкілдері қатысқан құрылыс компаниясының 150 басшысымен кездесу өтті. Кездесу барысында әкімдік пен тұрғын-үй құрылысы қорының тарапынан берілетін рұқсат құжаттарынсыз салынған баспананы пайдалануға беруде туындайтын қылмыстық жауапкершілік жөнінде айтылды.

"Тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу жөнінде" Заңына сәйкес, баспананы сату жөнінде жарнаманы үлескерлерді тартуда әкімдіктен рұқсат алған немесе кепілдендіру қорымен келісімшарт жасасқан құрылыс жүргізген компания ғана бере алады.

Бүгінде 7 компания рұқсат алған.

Қорытындылай келе, әкім өз сөзінде атап өткендей, бұл бағытта жұмыс жалғасуда және ол әкімдіктің қатаң бақылауында болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети